2010 ж.т. қыздар арасындағы облыстық «Былғары доп» турнирі

10-12 маусым   аралығында  Орал қ.  «Жастар»  стадионында  футболдан 2010 ж.т.  қыздар  арасында облыстық «Былғары доп» турнирі өтті.
Турнирге 4 команда, соның ішінде 3 аудан (Ақжайық, Бөкей Ордасы Теректі,)  Орал қ. (№ 9 ЖОББМ), жалпы 38  жас футболшылар қатысты.
Турнир облыстық білім, дене шынықтыру және спорт басқармаларының, БҚО футбол қауымдастығы және БҚО әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

«Еуразия» туристік-сауықтыру кешені мен «Самал» туристік лагерінің базасында жазғы маусым ресми түрде ашылды

«Еуразия» туристік-сауықтыру кешені мен «Самал» туристік лагерінің базасында жазғы маусым ресми түрде ашылды. Балалар Батыс Қазақстан облысынан және Атырау қаласынан келді. Алғашқы күні психолог балалардың бір-бірімен емін-еркін араласу мақсатында топтарға тренинг өткізді. Педагогтар, нұсқаушылар ойындар, жарыстар және робототехника бойынша мастер-класс өткізді. Нұсқаушылардың басшылығымен балалар  Шалқар көліне бір күндік саяхат жасады, және екі күндік «Еуразия» -«Самал» маршруты бойынша жорыққа аттанды. Жалпы алғанда, бағдарлама балалардың көңілінен шығуда! Және оларды одан  да көп нәрсе күтуде!

Облыстық «Өз өлкеңді танып біл!» туристік-өлкетанулық, экологиялық экспедициясының қорытындысы

Орталық үйірмешілерінің қатысуымен  2019 жылдың 5-7 маусым күндері «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және Білім басқармасының және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология облыстық орталығы жоспарына сәйкес облыстық «Өз өлкеңді танып біл!» туристік - өлкетанулық экспедициясы жүргізілді. Экспедицияға орталық үйірмешілері, Бәйтерек аудандық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының және Тасқала жас туристер станциясының оқушылары қатысты.  Экспедицияға қатысушылар Шұғыла лагері жанында далалық жағдайда орналасты.

Үйірмешілер арасында өткізілген көктемгі «Қарлығаш 2019» туриадасы бойынша қорытынды ақпарат

ОБЖТжЭО-ң 2019 жылғы  «24» мамыр № 77   бұйрығына сәйкес, салауатты өмір салтын, жаяу туризмді насихаттау мақсатында «Самал» туристік лагерінде үйірмешілер арасында көктемгі «Қарлығаш 2019» туриадасы өткізілді. Туриадаға 4 кіші, 12 орта, 2 ересек топты қамтыған, жалпы саны 108  үйірмеші қатысты.

Велотуризм анонс

Оқушылар арасында велосипед туризмін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, веложорыққа қатысушылардың туристік шеберліктерін жетілдіру, веложорық қауіпсіздігін арттыру мақсатында велосипед туризмі техникасынан облыстық «Күміс шабақ - 2019» жарысы Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Сайхын ауылында 19-21 маусым күндері аралығында өткізіледі. Жарысқа қатысушылар облыстық жарыс шеңберінде 1-ші категориялы қиындықтағы веложорық жасайды. 1 - категориялы қиындықтағы  веложорық  Бөкей Ордасы ауданы, Сайхын ауылынан  2019 жылдың 21-27 маусым аралығында өткізіледі (21.06.19 ж сағат 11.00-де басталады). Жорық маршруты:  Сайхын ауылы - Жаңақала ауылы. Ұзақтығы – 303 км.

Кәсіптік, техникалық колледж оқушылары арасында жаяу туризм техникасы бойынша Республикалық «Алтын балдақ-Золотой альпеншток» жарысына АҚПАРАТ

Облыстық білім басқармасының 2019 жылғы 25 сәуірдегі  №285 бұйрығына сәйкес, 2019 жылдың 14–17 мамыр аралығында кәсіптік, техникалық колледж оқушылары арасында жаяу туризм техникасы бойынша Республикалық «Алтын балдақ – Золотой альпеншток» жарысы өтті.
Жарысқа 8 команда (64 қатысушы) қатысты. Төрешілер алқасы Бөрлі коледжі, Сервис және жаңа технологиялар колледжі, Тасқала колледжі командаларының жоғары деңгейдегі дайындықпен келгендерін атап өтті.

2009 ж.т. қыздар арасындағы облыстық «Былғары доп» турнирі

1-4 маусым   аралығында  Орал қ.  «Жастар»  стадионында  футболдан 2009 ж.т.  қыздар  арасында облыстық «Былғары доп» турнирі өтті.
Турнирге 4 команда, соның ішінде 3 аудан (Теректі,Бөкей Орда,Ақжайық), Орал қ. (№21 ЖОББМ) , жалпы 40  жас футболшылар қатысты.
Турнир облыстық білім, дене шынықтыру және спорт басқармаларының, БҚО футбол қауымдастығы және БҚО әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

«Шырқаған жастық шақ» бард әндерін орындаушылардың фестивалінің қорытынды ақпараты

2019 жылдың 29-31мамыр аралығында  Жастар жылы аясында «Шырқаған жастық шақ» бард әндерін орындаушылардың облыстық фестивалі өтті.
Фестивальдің мақсаты: бард әндері жанрын дамыту, авторлық әндерді насихаттау, сананың ашықтығына тәрбиелеу, оқушылардың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Фестивальге 13 команда  78 қатысушы  қатысты.  Оның ішінде: 12 аудан, 1 колледж (Орал ақпараттық технологиялар колледжі). Тасқала ауданының командасы  фестивальге қатыспады.   

ОБЖТжЭО командасының Саябақтарда спорттық бағдарлаудан Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысуы бойынша ақпарат

2019 жылдың 19-23 мамыр аралығында Қарағанды қаласында саябақта спорттық бағдарлаудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Чемпионатқа Республикамыздың 8 өңірінен 190 ға жуық спортшы қатысты. Жарыс бағдарламаға сай  «Командалық эстафета» (2), «Орта», «Спринт» қашықтықтарын қамтыды. Спортшылар МЖ14,МЖ16,МЖ18,МЖ20,МЖ21Е, МЖ45 жас ерекшеліктері бойынша ерлер мен әйелдер арасында сынға түсті. Облыстық балдар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қолдауымен 9 адаммен қатысты.

«Менің Отаным-Қазақстан» экспедициясы шеңберінде туристік көпсайыстан облыстық «Қарлығаш» туриадасының анонсы.

Оқушылар арасында «Менің Отаным Қазақстан» экспедицицясы шеңберінде туристік көпсайыстан облыстық «Қарлығаш» туриадасы жаяу туризмі техникасын дамыту,  салауатты  өмір салтын насихаттау, тәжірибе алмасу мақсатында,  2019 жылдың  10-14  маусым  аралығында Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылында  «Шұғыла» туристік лагерінде өткізіледі. 

2007-2008 ж.т. қыздар арасындағы облыстық «Былғары доп» турнирі

26-28  мамыр  аралығында  Орал қ.  «Жастар»  стадионында  футболдан 2007-2008 ж.т.  қыздар  арасында облыстық «Былғары доп» турнирі өтті.
Турнирге 3 команда, соның ішінде 2 аудан (Теректі, Шыңғырлау), Орал қ. (№17 ЖОББМ) , жалпы 41  жас футболшылар қатысты.
Турнир облыстық білім, дене шынықтыру және спорт басқармаларының, БҚО футбол қауымдастығы және БҚО әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

Утешев Нариман Сулейменович - еңбек ардагері, «Жайық-Орал» экологиялық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Утешев Нариман Сүлейменұлы – жоғары білікті еңбек ардагері,  «Жайык-Орал»  экологиялық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы,  Оның еңбек жолы халық шаруашылығымен тығыз байланысты. Өз қызметінің 20-дан астам жылын өлкенің экологиялық жағдайын жақсартуға арнады. Ол «По следам Правдухина», «Жайық-Урал» экспедициясының ұйымдастырушысы, қолдаушысы, әрі мүшесі. Экспедицияларға қатыса отырып, Жайық өзенінің мәселелерін шешуге атсалысты.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"