Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы оқу-әдістеме бөлімінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 10-11 желтоқсанында «Туристік-өлкетану қызметінің кеңістігі: тәжірибе, ізденіс, қорытынды және жаңа міндеттер» атты туризм орталықтарының директорларына арналған семинар-кеңес өтті. Семинар кеңеске Аудандық, қалалық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталықтары мен Жас туристер станцияларының директорлары қатысты. Семинар-кеңеске Жаңақала аудандық жас туристер станциясының директоры (Есмағұлов А.Ф) қатыспады.


