2020 жылдың 27 ақпан – 1 наурыз аралығында Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Қатаркөл ауылының «Звездный» базасында шаңғы туризм техникасынан Қазақстан Респкбликасының Туристік көпсайысынан ашық Чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің барлық аймағынан жалпы саны 21 команда қатысты. Облысымыздың құрама командасынан 3 жас ерекшелігі (балалар, жасөспірімдер, ересектер) бойынша қатысты. Команда сапында Ақжайық ауданы, Бәйтерек ауданы, Орал қаласының және ОБЖТжЭО-ның үйірмешілері. Жарыс ережелеріне сәйкес барлық жас ерекшелігіндегі қатысушылар «Техникалық», «Жеке», «Кросс-жорық» қашықтықтарында өз шеберліктерін көрсетті.
Толығырақ...