Жуырда «Өлкетану және аймақарлық ынтымақтастық» бөлімінің қосымша білім беру педагогтары сырттай байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Жуырда «Өлкетану және аймақарлық ынтымақтастық» бөлімінің қосымша білім беру педагогтары сырттай байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
2020 жылдың 10 - 15 ақпан аралығында «Евразия» туристік сауықтыру кешенінде спорттық бағдарлаудан Қазақстан Республикасының чемпионаты спортшылардың спорттық бағдарлау дайындығын дамыту, спорттық бағдарлауды спорт түрі ретінде насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, әлемдік, азиялық жарыстарға үздік спортшыларды анықтау мақсатында өткізілді.
БҚО Бөрлі ауданының бокс спорт түрінің құрылғанына 30 жыл толуына орай 2020 жылдың 13-16 ақпан күндері 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында Ақсай қаласының «Қарашығанақ» спорт кешенінде әуесқой бокстан аудандық ашық турнир ұйымдастырылды. Турнирге барлығы 23 командадан 177 спортшы қатысып бақ сынады. Аталған шараға ОБЖТжЭО қосымша білім беру педагогі, жаттықтырушы Д.Қуанышалиевтің «Алтын қолғап» үйірмесінің оқушыларыда қатысып жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Жарыс қорытындысы бойынша Мұрат Ершат – 3 орын және Талапов Ақболат – 3 орын иеленіп өте жақсы тәжірибе жинақтап қайтты.
17-18 ақпан күндері аралығында Облыстық білім басқармасының 2020 жылғы жоспарына сәйкес «Деркул» спорт кешенінде колледж студенттері аралығындағы І-ші Спартакиаданың шеңберінде қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық жарыстарының облыстық кезеңі ұйымдастырылды.
Білім басқармасының 2020 жылғы 20 қаңтардағы №27 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 4-7 ақпан күндері аралығында «Еуразия» туристік сауықтыру кешенінде шаңғы туризмінен облыстық жарыс өткізу, жастарды тәрбиелеу және олардың туристік-спорттық дайындықтарын дамыту, қоршаған ортаны салауатты қолдану дағдыларына тәрбиелеу, жастарды сауықтыру, рухани және табиғи жетілдіру мақсатында өткізілді.
Облыстық білім басқармасының жоспарына сәйкес, облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының қолдауымен, ағымдағы жылдың 8 ақпан-18 наурыз аралығында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған колледж оқушыларының І-ші қысқы Спартакиадасының облыстық кезеңін ұйымдастыруда. Спартакиада спорттың 10 түрі яғни, үстел теннисі, қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ, футзал, баскетбол, волейбол, шаңғы жарысы, президенттік көпсайыс, қысқы спорттық бағдарлау бойынша оздырылуда.
Облыстық білім басқармасының жоспарына сәйкес Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен 2020 жылдың 08 ақпан 18 наурыз аралығында, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы колледж оқушылары Спартакиадасының облыстық кезеңін өткізеді.
Терроризм актісі туралы жалған хабарлама үшін қылмыстық жауапкершілік!
Өткен 2019 жылы Батыс Қазақстан облысында терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру бойынша 4 факті тіркеліп, оның бәрі ізі суытылмай анықталып ашылды.
Білім басқармасының 2020 жылғы 13 қаңтардағы № 15 бұйрығы негізінде осы жылдың 22-24 қаңтар аралығында «Евразия» туристік сауықтыру кешенінде спорттық бағдарлаудан облыстық «Шаңғы бағдары 2020» ашық жарысы өткізілді.
2020 жылдың 1 ақпан күні «Самал»ТЛ-де «Балықтарға ауа» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында 30 – дан астам ойық ойылды. Шараға ерекше білімді қажет ететін үйірме оқушылары қатысты.
Еще не были на нашей турбазе? Приезжайте в любое время года, а зимой – обязательно! Еще есть время покататься с горки, на лыжах, ватрушках, коньках! ТЛ «Самал» ждут именно вас!
Туризм салаларының бір формасы – туристік–өлкетану қызметі мектептегі сабақтардан тыс жасалатын жұмыс. Бұндай туризм формасы балалардың өз өлкесін, тарихын танып білуіне үлкен мүмкіндік береді. Туризмнің осы түрі арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыруға болады, себебі олар өз өлкесіне экскурсия жасау барысында көптеген тың мәліметтермен толығады.