Орталық туралы

Орталықтың негізгі жұмыстанатын тақырыбы: «Туристік-өлкетану, экологиялық қызметі арқылы жеке тұлғаны Қазақстан патриотизміне тәрбиелеу».

Мақсаты: білім алушылардың физикалық, зияткерлік және жеке дамуын қамтамасыз ететін, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктері бар білім алушылар үшін сапалы қосымша білім алу үшін жағдайлар жасау.

Қызметі: білім беру құқығын іске асыруға, білім беру саласындағы адамның құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз етуге және білім алу құқығын іске асыру үшін жағдайлар жасау, білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыруға, ғылым мен практиканың жетістіктері, ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтар негізінде тұлғаны дамыту мен кәсіби қалыптастыруға байланысты қосымша білім беру саласында туындайтын қоғамдық қатынастар.

Толық атауы

«Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Қысқа атауы

ОБЖТжЭО МКҚК

Құрылған уақыты

28 сәуір 1960 жыл

Пошталық мекен-жайы

090000, Қазақстан Республикасы, БҚО, Орал қ., Исатай батыр көшесі 71/1

Электрондық пошта

 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Директор

 

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі-жұма 09.00- дан 18.00-ге дейін

Жұмыс телефоны

8 (7112) 52-59-42

 

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығында:

  • туризм және қауіпсіз маршруттар бөлімі;
  • өлкетану және аймақаралық ынтымақтастық бөлімі;
  • экологиялық туризм бөлімі,
  • спорт бөлімі;
  • әскери-патриоттық тәрбиелеу бөлімі;
  • «Евразия» туристік кешені;
  • «Самал» туристік лагері;
  • «Соқпақ - Тропинка» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының редакциясы.

Оқу жылында  қосымша білім берумен 700-ден астан білім алушылар төмендегідей бағыттар бойынша қамтылады: өлкетану, экологиялық туризм, спорттық туризм (жаяу, вело, жартасқа шығу), спорттық бағдарлау, футбол, футзал, шаңғы, ұлттық ойындар, әскери-патриоттық.

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы аудандық және қалалық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталықтары мен жас туристер станциялары үшін үйлестіруші орталық болып табылады. Батыс Қазақстан облысында 14 балалар туризм оталықтары мен жас туристер станциялары (12 аудандық, 1 қалалық, 1облыстық) бар.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"