ОБЖТжЭО-ның білім алушыларына арналған
«Наурыз көктем шуағы!» мерекелік шараның қорытынды ақпараты
ОБЖТжЭО-ның 2026 жылдың 10 наурыздағы №82 н/қ бұйрығына сәйкес, 14 наурыз күні орталықтың білім алушыларына «Самал» ТЛ-де «Наурыз көктем шуағы!» мерекелік шарасы өткізілді.
Шараның мақсаты: «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу.
Іс-шара барысында қатысушыларға Наурыз мерекесінің тарихы мен мағынасы туралы қысқаша ақпарат беріліп, мерекенің береке-бірлік пен жаңарудың символы екендігі айтылды. Шара барысында үлкендер тарапынан ақ тілек айтылып, бата берілді. Бағдарлама аясында қазақтың ұлттық ойындары ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты. Атап айтқанда, садақ ату, ләңгі тебу, асық ату, табан тартыс сияқты дәстүрлі ойындар өткізілді. Бұл ойындар білім алушылардың ептілігін, шапшаңдығын және ұйымшылдығын дамытуға бағытталды. Сонымен қатар, ұлттық танымды арттыру мақсатында ұлттық викторина ұйымдастырылып, қатысушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен Наурыз мерекесіне қатысты сұрақтар қойылды.Мереке барысында қатысушыларға қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды. Атап айтқанда, Наурыз көже мен бауырсақ дайындалып, оқушылар мен қонақтарға ұсынылды. Бұл өз кезегінде мерекенің мазмұнын арттырып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, білім алушылар белсенділік танытты. Өткізілген мерекелік іс-шара оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттауға бағытталған тәрбиелік мәні жоғары мәдени шара болды.
Шараға ОБЖТжЭО-ның 34 үйірмесінен жалпы саны 204 білім алушы қатысты.






И.Айтпукешева
А.Багжанова


