Ұлттық колледж лигасының облыстық кезеңі
Баскетбол, үстел теннисі және тоғызқұмалақ жарыстары
бойынша қортынды ақпарат
Ұлттық колледж лигасының облыстық кезеңі 2026 жылдың 11-27 ақпан күндері аралығында Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология облыстық орталығы және Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастыруымен өткізілуде.
Ұлттық колледж лигасының облыстық кезеңі облыстық кезеңі 5 спорт түрінен өткізіледі: волейбол, шағын футбол, баскетбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ. Облыстық кезеніңде аймақтық кезеңінен 1-2 орын алған командалар қатысады.
2026 жылдың 19 – 20 ақпан күндері аралығында Жайық Арена спорт клубы базасында Үстел теннисінен Ұлттық колледж лига жарыстарының облыстық кезеңі өткізілді. Жарысқа Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі, Орал жоғары гуманитарлық – экономикалық колледжі, Орал «Сервис» технологиялық колледжі командалары қатысты. Жарысқа 4 команда, барлығы 12 адам қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша төмендегідей орындар белгіленді
Жалпы командалық есепте:
1 орын – Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі
2 орын – Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі.
3 орын – Орал жоғары гуманитарлық – экономикалық колледжі;
2026 жылдың 23 – 25 ақпан күндері аралығында Жоғары аграрлық – техникалық колледжінің спорт залында баскетболдан Ұлттық колледж лига жарыстарының облыстық кезеңі өткізілді. Жарысқа Жоғары аграрлық – техникалық колледжі, Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі, Орал жоғары гуманитарлық – техникалық колледжі, Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі, Халықаралық цифрлық технологиялар,сәулет және құқық колледжі, Теректі колледжі, командалары қатысты. Жарысқа 4 қыздар, 5 ұлдар командасы, барлығы 59 адам қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша төмендегідей орындар белгіленді
Қыздар арасында:
1 орын – Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі.
2 орын – Орал жоғары гуманитарлық – техникалық колледжі;
3 орын – Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі;
Ұлдар арасында:
1 орын – Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі;
2 орын – Жоғары аграрлық – техникалық колледжі;
3 орын – Халықаралық цифрлық технологиялар,сәулет және құқық колледжі.
«Үздік ойыншы» номинациясы бойынша
қыздар – Тегисова Айсулу (Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі);
ұлдар – Қайырбекұлы Ерқанат (Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі).
«Үздік бомбардир» номинациясы бойынша
қыздар – Сагинова Назира (Орал жоғары гуманитарлық – техникалық колледжі);
ұлдар – Дүйсалиев Бауыржан (Жоғары аграрлық – техникалық колледжі).
«Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша
қыздар – Жақсылық Айшаһар (Теректі колледжі);
ұлдар – Иманали Асылхан (Теректі колледжі);
«Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша
қыздар – Айтимова Айнур (Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі);
ұлдар – Біржанұлы Мұхаммедали (Халықаралық цифрлық технологиялар,сәулет және құқық колледжі.).
2026 жылдың 26 – 27 ақпан күндері аралығында ОБЖТжЭО ның базасында тоғызқұмалақтан Ұлттық колледж лига жарыстарының облыстық кезеңі өткізілді. Жарысқа Жоғары аграрлық – техникалық колледжі, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі, Орал жоғары гуманитарлық – экономикалық колледжі командалары қатысты. Жарысқа 3 команда, барлығы 12 адам қатысты.
Жалпы командалық есепте:
1 орын – Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі.
2 орын – Жоғары аграрлық – техникалық колледжі
3 орын – Орал жоғары гуманитарлық – экономикалық колледжі;
Жеңімпаздар облыстық білім басқармасының грамоталармен, ОБЖТжЭО-ң медальдармен және командалық кубоктармен марапатталды.





