Ұлттық мектеп лига жарыстарының облыстық кезеңі
«Шұбар доп» волейбол жарысы бойынша қортынды ақпарат
Ұлттық мектеп лига жарыстарының облыстық кезеңі 2026 жылдың 16 қаңтар - 30 сәуір күндері аралығында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы және Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастыруымен өткізілуде.
2026 жылдың 6-8 ақпан күндері №46 Б.Момышұлы ЖОББМ, №44 Д.Қонаев атындағы мектеп -гимназиясы және №48 ЖОББМ-нің спортзалдарында 9-11 сынып арасында «Шұбар доп» волейбол жарысы өткізілді. Жарысқа қыздар арасында 13 команда, ұлдар арасында15 команда, барлығы 259 адам қатысты.
Жалпы командалық есепте жүлделі орынға ие болған:
қыздар арасында:
1 орын – Ақсай қ. №4 ЖОББМ (Бөрлі ауданы);
2 орын – №7 ЖОББМ (Орал қаласы);
3 орын – Дарынды балаларға арналаған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп–лицей–интернаты.
Ұлдар арасында:
1 орын – Алмалы ЖОББМ (Ақжайық ауданы);
2 орын – М.Мәметова ат. ЖОББМ (Бөкей ордасы ауданы);
3 орын – Ақсай қ. №4 ЖОББМ (Бөрлі ауданы).
«Үздік ойыншы» номинациясы бойынша:
қыздар арасында – Иликеева Самира (Ақсай қ. №4 ЖОББМ, Бөрлі ауданы);
ұлдар арасында – Тілекқабыл Шыңғыс (Алмалы ЖОББМ, Ақжайық ауданы).
«Үздік шабуылдаушы» номинациясы бойынша:
қыздар арасында – Курманиязова Дидара (№7 ЖОББМ, Орал қаласы);
ұлдар арасында – Тұнғатар Бақдәулет (М.Мәметова ат. ЖОББМ, Бөкей ордасы ауданы).
«Үздік байланыстырушы» номинациясы бойынша:
қыздар арасында – Кенжегалиева Айдана (Л.Қылышев ат ЖОББМ, Шыңғырлау ауданы);
«Үздік тосқауылшы» номинациясы бойынша:
қыздар арасында – Асылбек Айназ (Дарынды балаларға арналаған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп–лицей–интернаты);
ұлдар арасында – Щербинин Ярослав (Ақсай қ. №4 ЖОББМ, Бөрлі ауданы).
Жеңімпаздар облыстық білім басқармасының грамоталармен, ОБЖТжЭО-ң медальдармен және командалық кубоктармен марапатталды.


