Оқушылар арасында шаңғы туризм техникасынан облыстық «Ақшақар-2026» жарысының қорытынды ақпараты

Оқушылар арасында шаңғы туризм техникасынан

облыстық «Ақшақар-2026» жарысының қорытынды ақпараты

 

Білім басқармасының 2026 жылдың 9 қаңтардағы №20 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың  3- 6 ақпан  күндері  оқушылар арасында шаңғы туризм техникасынан облыстық «Ақшақар-2026» жарысы өткізілді.

        Жарысқа 10 аудан және Орал қаласы командалары (103 қатысушы) қатысты. Төрешілер алқасы Ақжайық, Бөрлі, Қаратөбе аудандарының командалары жоғары деңгейдегі дайындықпен келгендерін атап өтті. Жарысқа Бөкей Ордасы, Теректі аудандары қатыспады. Жарыс бағдарламасына сәйкес «Байлам», «Эстафета», «Техникалық» қашықтықтары және «Үздік командалық көрсетілім», «Далалық газет» байқаулары өткізілді.

          Үздік командалар төмендегідей нәтижелер көрсетті:

«Эстафета» қашықтығы:

1 орын – Бөрлі ауданының командасы;

2 орын – Ақжайық ауданының командасы;

3 орын – Жәнібек ауданының командасы.

«Байлам» қашықтығы (жасөспірімдер тобы, ұлдар жұбы):

1 орын – Қасымғали Б./Әділбек Е. (Казталов ауданы);

2 орын – Серік М./Алпамыс Д. (Қаратөбе ауданы);

3 орын – Қайырғалиев А./Ерғали Г. (Ақжайық ауданы).

 «Байлам» қашықтығы (жасөспірімдер тобы, аралас жұп):

1 орын – Асылбек Т./Мендеш Б. (Ақжайық ауданы);

2 орын – Алипов Б. Ерасыл/Оразалы А. (Бөрлі ауданы);

3 орын – Серік А./Марат Н. (Жәнібек ауданы).

«Байлам» қашықтығы (балалар тобы, ұлдар жұбы):

1 орын – Мухамбетов Н. /Камашев Р. (Бөрлі ауданы);

2 орын – Керей Н. /Серік Д. (Ақжайық ауданы);

3 орын – Жалел Е./Мажит Н. (Қаратөбе ауданы).

 «Байлам» қашықтығы (балалар тобы, аралас жұп):

1 орын – Самигуллов М/Аязбек А. (Тасқала ауданы);

2 орын –МендігұлН./ Ниетқали Б. (Казталов ауданы);

3 орын – Жоламанов Н. /Мустафиева Л. (Сырым ауданы).

«Техникалық» қашықтығы:

1 орын – Бөрлі ауданының командасы;

2 орын – Қаратөбе ауданының командасы;

3 орын – Ақжайық ауданының командасы.

«Үздік команда көрсетілімі» байқауы:

1 орын –Жәнібек ауданының командасы;

2 орын –Бөрлі ауданының командасы;

3 орын – Ақжайық ауданының командасы.

 «Далалық газет» байқауы:

1 орын –Ақжайық ауданының командасы;

2 орын – Бөрлі ауданының командасы;

3 орын – Жәнібек ауданының командасы.

Жалпы командалық есеп бойынша

1 орын – Бөрлі ауданының командасы;

2 орын – Ақжайық ауданының командасы;

3 орын – Қаратөбе  ауданының командасы.

      Жеңімпаз командалар БҚО білім басқармасының грамоталары, медальдары, кубоктарымен марапатталды.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"