Облыстық «Әр білім мекемесінде – музей!» айлығының
қорытынды ақпараты
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жоғары оқу орындарынан басқа білім беру ұйымдарына арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» тұжырымдамасында еліміздегі тарихи орындар мен ескерткіштерге экскурсиялар ұйымдастыру, ел мен жер тарихымен таныстыру, театрлар мен музейлерге, мұрағаттарға, ұлттық парктер мен қорықтарға бару, сондай-ақ виртуалды саяхаттар мен цифрлық технологиялар мүмкіндіктерін пайдалану мәселелері маңызды бағыттар ретінде атап көрсетілген.
Осыған сәйкес, Білім басқармасының 2026 жылғы 6 қаңтардағы №3-10/32 хатына негізделе отырып, 12–30 қаңтар аралығында облыстық «Әр білім мекемесінде – музей!» айлығы өткізілді.
Айлық аясында 12 аудан мен Орал қаласының мектеп музейлері белсенді қатысып, туған өлкенің тарихын насихаттауға өз үлестерін қосты. Іс-шара барысында білім беру ұйымдарында музейлер ашу, қайта құжаттандыру, музей қорларын толықтыру, жаңа талаптарға сай жасақтау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар экскурсиялар, квест-ойындар, шеберлік сыныптары және басқа да көпшілік шаралар ұйымдастырылды.
Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Бөкей Ордасы, Жәнібек, Сырым,Тасқала, Қаратөбе, Казталов, Шыңғырлау, Теректі аудандарының мектеп музейлерінің жұмыстары ерекше атап өтуге болады. Аталған аудандарда «Музейге сый» көрмелері ұйымдастырылып, «Музей – тарих айнасы» атты экскурсиялар, «Көне жәдігерлер – ұлттық құндылығымыз» тақырыбындағы кездесу кештері, сондай-ақ «Жәдігерлер сыр шертеді», «Музей бойынша виртуалды саяхат», «Көрші мектеп музейіне саяхат» тақырыптарында түрлі танымдық іс-шаралар өткізілді.
Музей айлығы аясында өткізілген іс-шаралар оқушылардың тарихи санасын қалыптастыруға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға оң ықпал етті. Мектеп музейлерінің жұмысы жанданып, білім алушылардың қызығушылығы айтарлықтай өсті. Алдағы уақытта музей қорын толықтыру, қолда бар жәдігерлерді зерттеу және ғылыми-ізденіс жұмыстарын кеңейту бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.
https://www.facebook.com/share/v/1DNAdt47yx/
https://www.facebook.com/share/v/17ybSvkvkf/
https://www.instagram.com/reel/DTj33idjBLs/?igsh=MWhvM25sOWR5Z2w0bg==
https://www.facebook.com/share/v/1Ajw7qEjbm/
https://www.instagram.com/reel/DTwf0BeCN1J/?igsh=MXg1dDNvajAxZzFrdQ==
https://www.facebook.com/share/p/16wmDGPXJS/?mibextid=wwXIfr
https://www.facebook.com/share/v/1AceBrzcFJ/
https://www.facebook.com/share/v/1CFbbsr7pX/
https://www.facebook.com/share/r/1F4PPj6Wce/
https://www.facebook.com/share/p/181prqfDY5/





