Ұлттық мектеп лига жарыстарының облыстық кезеңі
«Шұбар доп» волейбол жарысы бойынша қортынды ақпарат
Ұлттық мектеп лига жарыстарының облыстық кезеңі 2026 жылдың 16 қаңтар - 30 сәуір күндері аралығында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы және Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастыруымен өткізілуде.
Білім басқармасының 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 811 бұйрығына сәйкес 2026 жылдың 16-18 қаңтар күндері №46 Б.Момышұлы ЖОББМ және №44 Д.Қонаев атындағы мектеп -гимназиясы спортзалдарында 5–6 сынып арасында «Шұбар доп» волейбол жарысы өткізілді. Жарысқа қыздар арасында 11 команда, ұлдар арасында 8 команда, барлығы 171 адам қатысты: Бәйтерек, Бөкей ордасы, Бөрлі, Жаңақала, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі аудандары, Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин ат.мамандандырылған №11 облыстық мектеп–лицей-интернаты және Орал қаласының командалары қатысты. Ақжайық, Жәнібек, Шыңғырлау аудандарының командалары қатыспады.
Жалпы командалық есепте жүлделі орынға ие болған:
Қыздар арасында:
1 орын – Казталов мектеп-лицейі (Казталов ауданы);
2 орын – Ақсай қ. №4 ЖОББМ (Бөрлі ауданы).
3 орын – № 24 ЖОББМ (Орал қаласы)
Ұлдар арасында:
1 орын – Бірік ЖОББМ (Казталов ауданы);
2 орын – Ақсай қ. №6 мектеп – лицейі (Бөрлі ауданы);
3 орын – Қ.Аманжолов ат.ЖОББМ (Бәйтерек ауданы).
«Үздік ойыншы» номинациясы бойынша
Қыздар арасында – Нурланова Жанель (Казталов мектеп-лицейі, Казталов ауданы);
Ұлдар арасында – Мағзомов Мардан (Бірік ЖОББМ, Казталов ауданы).
«Үздік шабуылдаушы» номинациясы бойынша
Қыздар арасында – Мұратқызы Айла (№24 ЖОББМ, Орал қаласы);
Ұлдар арасында – Дакешев Ризат (Қ.Аманжолов ат.ЖОББМ, Бәйтерек ауданы).
«Үздік байланыстырушы» номинациясы бойынша
Қыздар арасында – Унаева Дария ( Ақсай қ. №4 ЖОББМ, Бөрлі ауданы)
Ұлдар арасында – Абунагимов Ерасыл (Ақсай қаласы №6 мектеп – лицейі, Бөрлі ауданы).
«Үздік тосқауылшы» номинациясы бойынша
Қыздар арасында – Серік Азиза (Жанақала ЖОББМ, Жанақала ауданы);
Ұлдар арасында – Ерғали Жасқанат (Сәулет мектеп-лицейі, Тасқала ауданы).
Жеңімпаздар облыстық білім басқармасының грамоталармен, ОБЖТжЭО-ң медальдармен және командалық кубоктармен марапатталды.



