«Соқпақ-Тропинка» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының 20 жылдығына орай жарияланған «СОҚПАҚ ЖҮЛДЕСІ» бәйгесінің қорытындысы

«Соқпақ-Тропинка» республикалық ғылыми-әдістемелік

журналының 20 жылдығына орай жарияланған

«СОҚПАҚ  ЖҮЛДЕСІ» бәйгесінің қорытындысы

 

ОБЖТжЭО-ның жоспарына сай «Соқпақ-Тропинка» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының 20 жылдығына «СОҚПАҚ  ЖҮЛДЕСІ» бәйгесі алғаш рет өткізілді. Бәйге туристік-өлкетану және экологиялық қызметі бойынша мазмұнды іс-тәжірибелерді іздестіру, педагогтерді зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағыттау және үздік жұмыстарды насихаттау мақсатында (келесіде – Бәйге) журналдың сәуір айындағы №2 (115) санына жарияланып, старт берілді.   

Бәйге «Соқпақ-Тропинка» - балалар туризмінің энциклопедиясы» деген тақырып аясында 2 номинация және 1 арнайы жүлде бойынша өтті. Ережеге сай «Үздік іздестіру-зерттеу мақаласы» бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстары, «Үздік педагогикалық шеберхана» бағытында педагогтердің ашық сабақтары және «Соқпақтың» үздік қаламгерлері» анықталды.

Онлайн түрде өткен бәйгеде білім беру мәселелерінің (экологиялық-геологиялық, өлкетанулық, музей ісі, туристік маршруттар және спорттық бағдарлау) зерттелуі мен жұмыстардың көркемдік стилі, жан-жақты қамтылу аумағы, өзектілігі, бәйгенің мақсатын ұғына отырып, ұтымды да орынды ой тастаудағы қабілетіне, қамтылған ақпараттың нақтылығы мен шынайылығына, кәсіби шеберлігіне (балалар туризмін дамыту бойынша ғылыми, әдістемелік, ізденістік мақалалар) назар аударылды.

«Үздік іздестіру-зерттеу мақаласы» бағыты бойынша:

1 орын -  Анатолий Р. Қ. (Орал қ.) «Экологическое состояние озера Песчаное и динамика его природных компонентов (2021 - 2025 гг.)»;

2 орын - Ситказиева Г. М. (Бәйтерек ауд.) «Мектеп жаны топырағының құнарлығын сақтау және арттыру тәсілдері»;

2 орын - Бекешев А. С.  (Бәйтерек ауд.) «Далалық жағдайда оқушыларға арналған туристік-экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізудің әдіс-тәсілдері»;

3 орын -  Ескабулов Е. М. (Сырым ауд.) «Төл спортты түлеткен – Төлеби!»

3 орын - Сулименова Г. З. (Ақжайық ауд.) «Қойнауы құт, жері бай өркенді өңір» атты іздестіру-зерттеу жұмыстары алды.

         Сонымен бірге, ынталандыру мақсатында «Педагогикалық ізденіс» номинациясымен Тлекқабылова Р.С. (Ақжайық ауд.), Бекмуханова А. Б. (Сырым ауд.) марапатталды.

«Үздік педагогикалық шеберхана» бағыты бойынша:

1 орын - М.С. Қуаналиева «Бард әндері және жасанды интеллект» (Жәнібек ауд.);

2 орын - Ғ.И. Шәмші «Садақ ату- мергендік спорт түрі» (Түркістан обл.);

3 орын - М.Ж. Мухамедова «Алоэ-үйдегі табиғи дәрігер» (Сырым ауд.);

3 орын - Г.Е.Жәрдемова «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» қауіпсіздік сабағы  (Жаңақала ауд.) жеңіп алды.

«Соқпақтың» үздік қаламгері» жүлдесі бойынша:

2020-2025 жылдары аралығында ең көп мақала жазған тұрақты қаламгерлер

М.М.Карабалин (Казталов ауд.), В.В.Милехин (Бәйтерек ауд.), Ғ.И.Шәмші  (Түркістан обл.) анықталды.

        Жеңімпаздар ОБЖТжЭО-ның 1,2,3 дәрежелі дипломдарымен марапатталып, жұмыстары «Соқпақ-Тропинка» ғылыми-әдістемелік журналының 2026 жылғы сандарына жарияланады.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"