Ұлы Женістің 80 жылдығына арналған облыстық «Ақжайықтану» туристік-өлкетанулық экспедициясының қорытындысы

Ұлы Женістің 80 жылдығына  арналған  облыстық «Ақжайықтану» туристік-өлкетанулық  экспедициясының

қорытындысы

 

      Ұлы Отан соғысы қазақ халқы үшін үлкен сын болды. Батыс Қазақстан облысына қарасты Жәнібек ауданы бұл соғыстан тыс қалмады. Аудан халқы майдан мен тылда ерен еңбектің үлгісін көрсетті.

     Жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, тарихи санасын қалыптастыру және өңір тарихын терең тануға, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Жәнібек ауданының тарихымен, ардагерлермен, ескерткіштермен және өңірден шыққан тұлғалармен танысу, тарихи орындарға бару және зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында аталмыш жылдың 3-5 маусым күндері облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығымен Жәнібек аудандық туризм және экология орталығымен бірлесе Ұлы Женістің 80 жылдығына  арналған  облыстық «Ақжайықтану» туристік-өлкетанулық  экспедициясын бірлесе өткізді.

    Экспедицияға орталықтың 21 білім алушылары, 3 жетекші қатысты. Экспедиция Орал қаласы – Чапаев ауылы – Ақпәтер ауылы – Ұзынкөл ауылы– Жәнібек ауылы  – Орал қаласы маршрутымен өтті.      

       Маршрутымыздың алғашқы күні оқушылар  Ақпәтер тарихи-өлкетану музейімен танысты. Ғимарат ішінде ауыл тұрмысы, ұлттық дәстүрлер мен тарихи жәдігерлер келтірілген. Ашық аспан астындағы көрмеде 60-тан астам ауыл шаруашылық техникасы, соның ішінде ХІХ–ХХ ғғ. комбайндар, жер өңдеу құралдары сақталған.

       Бағдарламаға сәйкес Ұзынкөл ЖББОМ,  Т. Жараков атындағы ЖОББМ –нің музейлері, бауырластар зиратымен су мұнарасының тарихымен танысып, тарихы деректер жинақтады. Мәңгілік алауға гүл шоғын қою, Батырлар ескерткіштері мен бауырластар  зираттарына тағзым жасалды.   «Жаралы Жәнібек» фильмі мен «Жеңіс жолымен» квесті өткізіліп,  ардагерлермен кездесіп, ауызша естеліктер жинақталды. Қатысушылар далалық жағдайда бивуак құрып, орналасты.  Сонымен қатар этномәдениетімізді дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Жайлау» кешенінде «Садақ ату» және «Атқа міну» спорттық ойындары ұйымдастырылды.

 Экспедиция қорытындысы бойынша:

- Ұлы Отан соғысының Жәнібек ауданына әсері туралы тарихи деректер жинақталды;

  -Кеңес Одағының Батырлары мен жауынгер қыздар туралы мәліметтер толықтырылды;

 - Оқушылар ескерткіштерге, музейлерге барып, тарихи тұлғалардың өмір жолымен танысты;

 - Іздестіру-зерттеу жұмыстары жүргізілді, ауызша тарих элементтері жиналды.

       Экспедиция өз мақсатына толық жетті. Қатысушылар ел тарихына, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттырып, ұмытылмас әсер алды. Патриоттық тәрбие мен тарихи сананы қалыптастыру жолында бұл жоба үлкен маңызға ие болды.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"