Балаларды қорғау күніне арналған «Aqjaiyq fest» этнофестивалі аясында «Туризм –мейірім мекені» шарасының қорытындысы туралы ақпарат

Балаларды қорғау күніне арналған

«Aqjaiyq fest» этнофестивалі аясында

«Туризм –мейірім мекені» шарасының

қорытындысы туралы ақпарат

 

Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының қолдауымен, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының ұйымдастыруымен Балаларды қорғау күніне арналған «Aqjaiyq fest» этнофестивалі аясында «Туризм – мейірім мекені» шарасы 1 маусым күні «Самал» туристік лагерінде өткізілді.

Мақсаты: Балалар мерекесін сезіну, балалық шақтарын бақытты өткізуге, елінің білімді де тәрбиелі азаматы болуға баулу, балалардың бір-біріне деген қамқор пейілдерін артыра отырып, достық пен бірлікке тәрбиелеу

Этнофестивальге облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының түлектері мен үйірме білім алушылары, №4 Қосымша білім беру орталығының білім алушылары барлығы 190 адам қатысты.

Этнофестивальдің бағдарламасы аясында балалар мен қонақтарды аниматорлар қарсы алып, фотозонаға суретке түсіріліп, балаларға арналған тәтті сыйлықтар табысталды;  концерттік бағдарлама көрсетілді; ОБЖТжЭО–ның құрылғанына 65 жыл толуына орай туризм орталықтарының түлектерімен кездесу ұйымдастырылып, естелік сыйлықтар табысталды; халқымыздың бай мәдени мұрасымен таныстыратын арнайы «Этноауыл» күйіз үй көрмесі ұйымдастырылды.

Балалардың мерекесін туристік-өлкетану бағытында ұйымдастыру мақсатында шатырлы лагерь, қайықпен серуен ұйымдастырылды  сонымен қатар көңілді старт ойындары өткізілді. Оқу жылының қорытындысы бойынша ең үздік үйірме білім алушылары марапатталды.

Балаларды қорғау күніне арналған шара алға қойған мақсаттарын орындап, өз мәресіне жетті.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"