Облыстық «Жасыл» туристік - экологиялық
олимпиадасының қорытындысы туралы ақпарат
БҚО білім басқармасының 16.04.2025 жылғы №348 бұйрығына сәйкес, оқушылардың экологиялық мәдениетін экологиялық зерттеулер саласындағы практикалық іс-әрекеттер арқылы тәрбиелеу мақсатында 2025 жылдың 28-30 мамыр аралығында Орал қаласы, «Евразия» туристік кешенінде далалық жағдайда облыстық «Жасыл» туристік - экологиялық олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға аудандық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталықтары мен Орал қаласы қатысты. Барлығы 7 команда, 44 қатысушы. Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Сырым, Теректі, Шыңғырлау аудандары қатыспады. Олимпиада қатысушылары бағдарламаны толығымен орындады. Оқушылар бағдарламаның барлығына белсенді қатысты.
Командалар негізгі кезең маршруттан өту бойынша көл жағасында «Ботаника», «Дендрология», «Энтомология», «Гидрология», «Орнитология» бекеттерінде арнайы құрастырылған тапсырмаларды орындады және командаларды таныстыру, үздік биуак байқаулары бойынша сайысқа түсті. Олимпиада қатысушылары бағдарламаны толығымен орындап, белсенді қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша:
«Маршруттан өту» жарысы
1 орын – Бәйтерек ауданының командасы;
2 орын – Бөрлі ауданының командасы;
3 орын –Жәнібек ауданының командасы.
«Үздік бивуак» байқауы
1 орын – Казталов ауданының командасы;
2 орын – Бәйтерек ауданының командасы;
3 орын – Жәнібек ауданының командасы.
«Командаларды таныстыру» байқауы
1 орын – Бәйтерек ауданының командасы;
2 орын – Бөрлі ауданының командасы;
3 орын – Казталов ауданының командасы.
Жалпы командалық есеп бойынша
1 орын – Бәйтерек ауданының командасы;
2 орын – Бөрлі ауданының командасы;
3 орын – Жәнібек ауданының командасы.
Жалпы есепте жүлделі орындарға ие болған командалар тиісті медальдар, сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.
![]() |
![]() |